Елімізде суды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту жалғасуда

Елімізде суды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту жалғасуда
Сурет: Turkystan.kz

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 1,4 млн гектар суармалы жерлер алқабында өсірілді.

Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Елімізде өз кезегінде суды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту жалғасуда. Биыл басқа рентабельді дақылдарға көшу есебінен күріш алқабы 2021 жылмен салыстырғанда 8,7 мың гектарға азайды, оның ішінде Қызылорда облысында 5,3 мың гектарға, Түркістан облысында 2,9 мың гектарға және Алматы облысында 0,6 мың гектарға қысқарды», - деді министр.