Елімізде соңғы 30 жылда ғалымдар саны екі есе қысқарды

Елімізде соңғы 30 жылда ғалымдар саны екі есе қысқарды
Сурет: Adyrna.kz

Ғалымдардың азаюына не себеп?

Ашық НҚА порталында жарияланған Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы қаулы жобасында  елде ғалымдардың азайғаны айтылған, деп хабарлайды 

«Соңғы 30 жылда ғалымдар саны екі есе қысқарған. 1991 жылы 40,8 мың адамнан 2021 жылы 22,6 мың адамға дейін азайған. Ғалымдар еңбекақысының тұрақсыз әрі төмен деңгейі – кадрлық және ғылыми әлеуеттің негізгі проблемаларының бірі. Осының салдарынан ғылым саласы тартымдылығының төмен болу үрдісі сақталып отыр. Мәселен, 2021 жылы ғалымдардың орташа жалақысы 187,7 мың теңгені құрады. Бұл Қазақстандағы орташа жалақының 75%-ына тең», - деп жазылған қаулы жобасында.

Ғалымдар санының қысқаруына тұрақсыздықпен мардымсыз жалақы әсер еткен. 

«Мәселен, соңғы жылдары ғылымға жастардың ағымы ҒЗТКЖ жұмыс істейтін персоналдың жалпы санынан 11%-дан 7%-ға дейін азайған. Мұндай алмастыру динамикасы кадрлық ғылыми әлеуетті жаңғырту үшін жеткіліксіз, сондықтан кадрлардың «қартаюы» мәселесі әлі де өзекті», - деп жазылған жобада.

Өкінішке қарай,  қолданбалы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен оларды іске асыратын ғалымдар санының өсуіне ықпал ететін тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді іске асыруға гранттар жоқ және техникалық бағыттар бойынша мамандар тапшы. Сондықтан қазір техникалық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға баса назар аударылып, техникалық және IT бағыттарға гранттарды 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайту бойынша шаралар қабылданып жатыр.