Елімізде сколиоздың ауыр түріне ота жасалды

Елімізде сколиоздың ауыр түріне ота жасалды Сурет: Medcentr.biz

Омыртқа патологиясын емдеудің тағы бір түрі табылды.


Отандық дәрігерлер ресейлік әріптестерімен жаңа технологияны қолдану арқылы үш жасар баланың дертіне ем тапты. Операция жасалған Ерасылдың жасы 3-те. Диагнозы - туа бітті омыртқа патологиясы. Яғни балаға артық омыртқа біткен. Салдарынан сколиоз пайда болып, сүйектері қисая бастаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 


Шұғыл ем-дом жасалмаса, бала қимылсыз қалуы мүмкін деп отыр мамандар. Мүгедектіктен құтқарудың жалғыз жолы – операция. Бұл сырқаттың сыры отандық дәрігерлерге мәлім. Жиі жасап жүр. Өйткені кесел көп балада кездеседі. Дегенмен Ерасылдың емі бөлек. Ресейлік профессорлар жаңа бекіту металын ойлап тапқан. Оның артықшылығы да аз емес.



«100 пайызға дейін омыртқаны түзей аламыз. Артық омыртқаны алып тастаймыз. Ары қарай келешекте балада ешқандай омыртқа жағынан қисықтық немсесе қандай да ауру шықпайды. Салынған пластинка 2-3 жыл тұрады. Біткен соң алып тасталады», - деді Н.Ж.Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының бөлім меңгерушісі Сейдалы Әбдалиев.



Туа бітті омыртқа патологиясын анықтау оңай емес. Бала кезінде бірден білінбейді. Бастапқыда дамуы, жүруі қалыпты. Тек өскен сайын жағдайы қиындайды. Ерасыл операциядан кейін ғана құлан-таза айықты дейді дәрігерлер. Көп ұзамай қатарластары сынды қалыпты өмірге оралады.



«Баланың жағдайы жақсы. Қазір палатаға жатқызды. Ерекше операция деп айтты. Сөйлеп, мультфильмдер көріп, ойыншықтарымен ойнап жүр», - дейді Ерасылдың әкесі Дамир. 



Дертті дендетпеу керек. Бұл - денсаулық қағидасы. Омыртқа патологиясы да солай. Алғашқы жылдары емдемесе, операцияның өзі көмектесе алмайды деп отыр дәрігерлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37

12:15

12:00

11:48

11:15

11:12

10:56

10:36

10:24

09:46

09:23

08:41

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46