Елімізде шай қымбаттап жатыр

Елімізде шай қымбаттап жатыр
fort.crimea.com

100 пайыз шетелден тасымалданатын кофенің бағасы Шымкентте 48 пайызға өскен. Ақмола облысында құны 27, Атырауда 25 пайызға артса, Солтүстік Қазақстан облысы 10,1 пайызбен соңғы орында.

Шай бірден қымбаттап кеткен өңірлердің үштігін, керісінше, Солтүстік Қазақстан облысы бастайды да, тізімді Шымкент түйіндейді. Экономистер бұл екі өнімнің бағасын тұрақтандыру жолдары аз екенін, сондықтан бұл өнімдердің әлі де қымбаттауы мүмкін екенін айтады. Өйткені, Бразилиядағы құрғақшылықтан өндіріс көлемі азайған.