Елімізде шаруалар өсірген алмасын өткізе алмай отыр

Елімізде шаруалар өсірген алмасын өткізе алмай отыр
aqsholpan.islam.kz

Алма өсірушілер импортқа уақытша тыйым салуды сұрайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Өйткені шаруалардың көбі өзі баптап өсірген алмасын өткізе алмай отыр. Сонда дастарханымызда қай елдің өнімі? Оның сапасы қандай? Әзірге елге шетелдік алманы әкелмеу керек.

Қазақстандық алма өсірушілері Үкіметке осындай өтініш айтты. Нарықта отандық жемістен гөрі шетелден келетін арзан алмаға сұраныс көп. Дүкен сөрелерінде Қытай, Қырғызстан, Польша, Иран, өзбекстандық жемістер самсап тұр.

Алма өсірушілері одағының төрағасы Болатбек Әлиев алма піскен кезде импортты тоқтату арқылы өнімді сақтау мүмкіндігі жоқ шағын шаруашылықтарды қолдау қажет дейді.

Шаруалар өнімін толық сата алмай, салдарынан шығынға батып жатыр. Болатбек Әлиев бағбандардың өндіріс көлемін арттыруға жағдай жасау керек дейді.

Біздегі бағбандардың әлеуеті зор. Елде жыл сайын 10 мың тоннадай алма өсіріледі. Тиісті қолдау көрсетілсе, оны екі есе арттыруға болады. Бұлай ішкі нарықты қамтып қоймай, жергілікті алманы экспорттауға да мүмкіндік туатын еді дейді мамандар.