Елімізде реабилитолог дәрігерлерді оқыту орталығы ашылады

Елімізде реабилитолог дәрігерлерді оқыту орталығы ашылады Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстанда реабилитолог дәрігерлерді дайындайтын жаңа орталық ашылады.


Оған Оңтүстік Корея мемлекеті қолдау көрсетпек. Мұндай шешім Тэгу қаласында қазақстандық дәрігерлердің тағылымдамасының қорытындысының нәтижесі бойынша қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.


Айта кетейік, отандық дәрігерлер 1 ай бойы таңғы шық елінде корейлік әріптестерінің лекцияларына қатысып, жұмысын бақылады. Қазақстандық дәрігерлердің айтуынша, Кореяда ауыр дертке шалдыққан науқастарды оңалту мерзімі біздің елге қарағанда ұзағырақ, ал сауықтыру ортылақтары заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Екі елдің дәрігерлері теле-медицина арқылы тәжірибе алмасу туралы келісімге келді.



 «Келесі айда біз алғашқы оңалту емдеу академиясының жұмысын бастаймыз. Алматыдағы оқу орталығында сауықтыру ғана емес, физиотерапияны да үйрететін боламыз. Біз сондай-ақ телемедицинаны қолданамыз және ZOOM арқылы оқытамыз», - дейді оңалту медицина департаментінің директоры Чон Тэ Ду. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42