Елімізде «QazBioPharm» биофармацевтикалық холдингі құрылады

Елімізде «QazBioPharm» биофармацевтикалық холдингі құрылады

 Холдингтің қызметін қамтамасыз ету үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 380 млн теңге сомасында қаражат бөлінді.

Мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шараларға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде «QazBioPharm»  биофармацевтикалық ұлттық холдингі  құрылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде мынадай шаралар қабылданды: 

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-да мемлекеттік тіркеуі өткізілді;

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның ҚНРДА-да жарияланған акцияларының шығарылуына мемлекеттік тіркеу жүргізілді.