Елімізде психоневрологиялық ауруға шалдыққан балалар тіс дәрігеріне мұқтаж

Елімізде психоневрологиялық ауруға шалдыққан балалар тіс дәрігеріне мұқтаж
Сурет: Zhanaqorgan-tynysy.kz

 Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов денсаулық саласындағы өзекті проблеманы көтерді.

 Мемлекеттік емдеу мекемелерінде сапа сын көтермейді, қызмет түрі де аз. Ал жеке меншік клиникаларда қызмет ақысы қымбат. Оны кез келгеннің қалтасы көтере бермейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 

- Салдарынан көптеген ата-ана Ресейдің көршілес аудандарындағы емханаларға апаруға мәжбүр болып отыр. Ол үшін несие рәсімдейді немесе қарызға батады, -  дейді депутат.

"Аталған санаттағы балалар мен ересектер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін қызмет алу керек деп есептейміз. Мүмкіндігі шектеулі жандар шұғыл және жоспарлы медициналық көмек алу үшін министрлік бұйрығын жылдап күтеді. Мемлекеттік мекемелер тегін қызмет көрсету бойынша емханалармен уақытылы ортақ келісімге келе алмайды. Ал салдарын балалар тартып отыр", - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов.