Елімізде «Pfizer» вакцинасын салдырғандар саны 1 млн-ға жақындап қалды

Елімізде «Pfizer» вакцинасын салдырғандар саны 1 млн-ға жақындап қалды
Cурет: 24.kz

Жүкті әйелдер де вакцина салдырып жатыр

2022 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 982 535 адам, ІІ-ші дозасын 852 096 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, вакцина салдырғандардың арасында 794 075 жасөспірім, 36 478 жүкті әйел, 130 280 бала емізетін әйел І-ші компонентін салдырған.

Ал екінші компонентін 709 408 жасөспірім, 31 024 жүкті әйел, 110 513 бала емізетін әйел салдырды.