Елімізде пәтер тонау қылмысы азайды

Елімізде пәтер тонау қылмысы азайды
Сурет: Kyzylorda-news.kz

Тұрғын үйді тонау қылмысы 33,4%-ға азайды

Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Сағындық Жантеміров мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Оның айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда пәтер ұрлығының саны 33,4%-ға төмендеген.

«Мысалы, 2017 жылы 37893 пәтер ұрлығы тіркелсе, өткен жылы 12655 ұрлық жасалды. Аталған көрсеткіш биыл да жақсарып келеді. Жыл басталғалы пәтерге ұрлыққа түсу қылмысының саны 7,1% - ға (3357-ден 3118-ге дейін) төмендеп отыр. Ал пәтер тонау қылмысын ашу 1,7% - ға (59,0-ден 60,7% - ға дейін) артты», - деді Сағындық Жантеміров ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, спикер ұрылар пәтерді тонаудың айла-тәсілдерін жетілдіріп отыратындықтарын еске салды.

«Жеке мүлікті ұрлауда қылмыскерлер пәтерге кіру дағдылары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады. Олар заманауи техника мен ұялы байланысты пайдаланады. Есік құлпын ашуға арнайы құралдарды қолданады. Осы орайда тұрғындарға сақ болуды ескертеміз», - дейді ол.

Бұған дейін ҚР ІІМ өкілі жыл басынан бері еліміз бойынша 600-ден астам пәтер ұрысының ұсталғанын жеткізді .