Елімізде өткен жылы сүт өндірісі төмендеді

Елімізде өткен жылы сүт өндірісі төмендеді Сурет: Kz.kursiv.media

Сары май, ірімшік, сүзбе, ашытылған сүт тағамдары алдыңғы жылға қарағанда аз шығарылған.


Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бұл мәселені шикізат өндірісінің нашар дамуымен байланыстырды. Министр өңірлерде ірі тауарлық-сүт фермаларының құрылысы жеңілдікпен қаржыландырыла бастағанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Биыл осындай 65 ферма ашу үшін 100 млрд теңге қарастырылған. Онда жылына 373 мың тонна сүт өндірілмек. Нәтижесінде отандық сүт зауыттары сапалы шикізатпен қамтылып, импортқа тәуелділік азаяды. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрі келер жылы тағы 50 тауарлы-сүт фермасын салу үшін 113 млрд теңге қаражат қажет етілетінін жеткізді. Жалпы, былтыр елде 2,9 трлн теңгенің азық-түлік өнімі өндірілген. Өсімдік майы, ұн, макарон, шұжық өнімдері мен қант өндірісінің көлемі артқан.



«Қазақстанда негізі 6 тауар жөнінде өз-өзімізді қамтамасыз ете алмай жатырқ. тәуелсіздігіміз жоқ оның ішінде құс еті, сүт өнімдері , балық өнімдері бар, соның бәріне бізде нақты жоспарларымыз бар өзімізде. алдағы 3-4 жылдың ішінде осы тауарлар бойынша өз-өзімізді қамтамасыз етуге жоспарымыз бар», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26