Елімізде онлайн университеттер ашылады

Елімізде онлайн университеттер ашылады
Сурет: Blog.onlime.ru

Білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралы енгізілмек

Қазақстанда онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында вице-министр Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа формат - онлайн оқыту туралы айтып отырмыз. Елімізде алғашқы онлайн университеттер ашылады», - деді Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттар саны 5 мыңға ұлғайып, оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Сонымен қатар ол «Болашақ» бағдарламасының бағытын өзгерту және реформалау жұмыстарының басталғанын хабарлады.