Елімізде онкологиялық дерттер аурудың екінші сатысында анықталады

Елімізде онкологиялық дерттер аурудың екінші сатысында анықталады Сурет: Tengrinews.kz

2021 жылдан бері қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға 12 848 ота жасалған.


Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Хирургиялық араласу қатерлі ісіктерді емдеудің негізгі әдістерінің бірі саналады және іс жүзінде барлық онкологиялық науқастарға түрлі көлемде және сәулелік, химиотерапиямен әртүрлі комбинацияда жасалады. Тек хирургиялық емдеу көбіне онкологиялық аурудың ерте сатысында жасалады. 2021 жылы тек хирургиялық ем алған пациенттердің саны 5 306 адамды құрады. Оның ішінде алғаш осындай дерт анықталған науқастардың үлесі – 15,1 пайыз.


2022 жылы 4 965 адамға ота жасалды, онда алғаш анықталғандардың саны – 13 пайыз. Ал 2023 жылдың 6 айындағы кезеңде тек хирургиялық ем алған пациенттер саны 2 577 (алғаш анықталғандардың үлесі -12,9%) құрады», - деп жауап берген Азамат Дүйсенов.



Оның дерегінше, Қазақстанда онкологиялық дерттер көбіне екінші сатыда анықталады.



«Қазақстанда көбінесе қатерлі ісіктер қатерлі процестің II сатысында диагноз қойылады. Мұндайлардың үлесі 2021 жылы – 31,9%, 2022 жылы 30,3% құрады», - делінген жауапта.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26