Елімізде өндірістік жарақаттану жағдайлары азайған

Елімізде өндірістік жарақаттану жағдайлары азайған Сурет: Egemen.kz

Қазақстанда өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.


Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,5%-ға, қаза тапқандар саны 8,4%-ға азайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әлемде жыл сайын 270 млн-ға жуық жазатайым оқиға және 2 млн-нан астам адам өмірін қиған 160 млн кәсіби ауру тіркеледі.


Қазақстанда жыл сайын кәсіпорындарда 1500-ден астам жазатайым оқиғаға жол беріледі, оның 200-ге жуығы өліммен аяқталады.


Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 16,2%, құрылыс саласында – 15% байқалады.


Қазіргі кезде 386 мыңнан астам жұмыскерлер  зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Шу мен діріл деңгейінің жоғарылауы жағдайында әрбір екінші (46,8%), жұмыс аймағының газдануы мен шаңдануының жоғарылауы – әрбір үшінші (33,2%) және қолайсыз температура режимінде – әрбір алтыншы (16,7%) адам жұмыс істейді. Ауыр дене еңбегімен 102,7 мың (6,1%) жұмысшы айналысады.


2022 жылы 680 мың қызметкер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін түрлі өтемақы алды. Осы мақсаттарға жұмыс берушілер 207,6 млрд теңге бөлді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 24% - ға артық.


Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын одан әрі қамтамасыз ету үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шаралар кешенін қабылдауда.


2022 жылдың қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін 119 лауазымды адам атқаратын лауазымынан босатылды. Құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар бойынша 1094 материал жіберілді, олар бойынша 192 қылмыстық іс қозғалды. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау мақсатында 7061 өндірістік объектіні аттестаттау өткізілді.


Бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында еліміздің 3211 кәсіпорны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.


2019 жылдан бастап «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда оған 425 кәсіпорын қосылды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20