Елімізде оқу жылы мен каникулдардың уақыты жаңаша белгіленеді

Елімізде оқу жылы мен каникулдардың уақыты жаңаша белгіленеді Сурет: интернеттен

Бұйрық 11 қыркүйекке дейін қоғамдық талқыға ұсынылып отыр.


ҚР Оқу-ағарту министрлігі жаңа бұйрықтың жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Онда Қазақстан оқушыларының оқу жылының басталуы мен аяқталуының мерзімдері, сондай-ақ демалыс уақыты жаңаша белгіленген.



Жарияланған ақпаратқа сәйкес, меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында алдағы оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың 25 мамырына (қоса есептегенде) дейін жалғасатын болады.



1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:


I-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (2023 жылғы 30 қазаннан бастап 5 қарашаны қоса алғанда);


II-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2023 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);


III-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2024 жылғы 21-31 наурыз аралығында);


1-сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында).


IV-тоқсан – 8 оқу аптасы.



Сонымен қатар 9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында, ал 11 (12)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 28 мамырдан бастап 11 маусым аралығында өтеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37