Елімізде оқу ақысы қымбаттауы мүмкін

Елімізде  оқу ақысы қымбаттауы мүмкін
Сурет: BaigeNews.kz

Былтыр студенттердің стипендиясы 20%-ға өскен.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО-да оқу ақысы қымбаттауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысын екі есе арттыру жоспарланған. Бұдан бөлек сол жылдан келесі кезеңге шәкіртақы мөлшері де тағы артады. Осыған байланысты бюджеттегі қаржы көлемін ескеру қажет. Грант құнын біртіндеп арттыру арқылы стипендия және оқытушылардың еңбекақысын өсіруге ықпал етілуі керек», - деді ол.