Елімізде «Nauryz» кинопремиясы өтеді

Елімізде «Nauryz» кинопремиясы өтеді
Сурет: Egemen.kz

«Nauryz» Ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім қабылдау басталды.

Отандық сериалдардың контентін кәсіби тұрғыдан бағалайтын «Nauryz» Ұлттық бәйгесі 2023 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап nauryz-awards.kz сайтында «Nauryz» Ұлттық телехикаялар бәйгесіне қатысуға өтінім қабылдау басталды.

Өтінім беру 2023 жылдың 15 наурызына дейін жалғасады.