Елімізде мобильді интернет жылдамдығы бір жылда 14,5%-ға артты

Елімізде мобильді интернет жылдамдығы бір жылда 14,5%-ға артты
Сурет: Aikyn.kz

Қазақстандағы мобильді интернет жылдамдығы Ресей мен Орталық Азия елдеріне қарағанда әлдеқайда жылдам.

Speedtest Global Index деректеріне сәйкес, 2022 жылдың қыркүйек айында Қазақстандағы мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 22,6 Мб/с-қа дейін ұлғайды6 деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  14,5%-ға артық.

Мәселен, Ресейде бұл көрсеткіш 21,4 Мб/с-ты құраған. Ал, Орталық Азия елдері арасында елімізден кейінгі орында Қырғызстан (19,6 Мб/с) орналасса, Өзбекстанда бұл көрсеткіш 15,8 Мб/с болған. Одан кейін үлкен айырмашылықпен Тәжікстан (7,9 Мб/с) елі орналасады. Қыркүйек айында Түркіменстан бойынша деректер ұсынылмаған.

Бұл ретте әлемдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 33,2 Мб/с болған. Тізімде Норвегия, БАӘ және Катар елдері көш бастады.

Биылғы бірінші және екінші тоқсанның қорытындысы бойынша ең жылдам мобильді интернет бойынша Ookla сыйлығын елімізде Tele2 операторы алды. Биыл Tele2-дегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 27,93 Мб/с-ты құрады.

2021 жылы Қазақстанда 6 жастан 74 жасқа дейінгі Интернет пайдаланушылардың үлесі 92,9% болды.

Елімізде мобильді интернет жылдамдығының өсуімен бірге Интернет трафикті тұтыну көлемі де артып отыр. Бұл Түркия, Сингапур, Италия, Бельгия және т.б. елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Мұндай көрсеткіштер телеком саласындағы қомақты инвестицияларға байланысты. Мысалы, осы жылдың қаңтар-шілде айларында бұл көрсеткіш 62,6 млрд тг, ал 2021 жылы 128,6 млрд тг құраған. Сектордағы инвестициялардың үлкен бөлігі байланыс операторларының өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілген.