Елімізде мемлекетаралық пойыздардың қозғалысы қайта жанданады

Елімізде мемлекетаралық пойыздардың қозғалысы қайта жанданады
Сурет: Kapital.kz

Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген.

Маусым айынан бастап Қырғызстанның үш мемлекетаралық пойызының Қазақстан аумағы арқылы Ресейге қатынауы қайта басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- №17/18 «Бішкек-Самара» пойызы Бішкектен 8 маусымнан бастап, Самарадан 10 маусымнан бастап аптасына 2 реттен қатынайды;

- №305/306 «Бішкек - Шу/Қазан» пойызы Бішкектен 6 маусымнан бастап, Қазаннан –9 маусымнан бастап аптасына 1 реттен қатынайды. №113/114 пойызы «Алматы-Қазан» пойызының құрамымен Шу станциясына да қатынайды;

- №385/386 «Бішкек – Новосибирск» пойызы Бішкектен 9 маусымнан бастап, Новосибирскіден 11 маусымнан бастап 8 күнде 1 рет қатынайды.

Қазақстан аумағы бойынша жоғарыда көрсетілген пойыздарға жолаушыларды отырғызу/түсіру жүзеге асырылады.

Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады. Жолаушылар пойыздарының жүру тәртібі туралы анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша алуға болады.