Елімізде медбикелерге жауапкершілік арта түспек

Елімізде медбикелерге жауапкершілік арта түспек
Сурет: Inform.kz

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде медбикелерге жауапкершілік жүктеледі.

Енді олар науқастарды қабылдап, ауруды емдеуге немесе оның алдын алуға кеңес беріп көмектеседі. Осылайша, отбасылық дәрігерлерге түсетін салмақ азаяды. Осы және өзге де мәселелер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық орталығы ұйымдастырған жиында талқыланды, деп  хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-сілтеме жасап. 

Сондай-ақ Тәжікстаннан келген дәрігерлер Қазақстанда ашылған алғашқы медициналық көмек көрсететін платформаның жұмысымен танысты.

«Біздің жұмысымыз сапалы қызмет көрсетуді көздейді. Тәжікстанда халықтың 73% ауылды жерде тұрады. Сондықтан біз осы жағын ескеру керекпіз. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде сіздердің елдегі тәжірибенің тиімді тұстарын енгізуді жоспарлап отырмыз. Әрине, халыққа медициналық қызмет қолжетімді болуы тиіс», - дейді «Отбасылық медицина оқу-клиникалық орталығы» ММ бөлім басшысы Бунафша Джонова.

«Қазақстан алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша көшбасшы саналады. Бұған дейін Өзбекстан мен Қырғызстаннан делегация келіп кеткен. Мұнда демонстрациялық платформа көктемде ашылған. Мұндай шаралар алғашқы медициналық көмекті күшейтіп, кедергілерді жоюды көздейді. Нақты медициналық қызметті ингерациялаудың тиімді тәсілдерін ұсынады», - дейді МСАК бойынша ДДСҰ Еуропалық орталығының кеңсе жетекшісі Мелитта Якаб.