Елімізде магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

Елімізде магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
Сурет: Zhaikpress.kz

Кешеден бері магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу жүріп жатыр.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, бірінші күні тестілеуді 4612 адам адам тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кешенді тестілеудің сертификатын жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінен жүктеп алуға болады. Апелляцияға келіп түскен өтініштер 5 күн ішінде қарастырылады.

«Апелляцияға қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 69-52-66 нөміріне хабарласу керек. Нәтижесі тест тапсырушының жеке кабинетінде көрсетіледі», - деп ескертеді орталық.