Елімізде құрастырылған тікұшақтар Қырғызстанға экспортталады

Елімізде құрастырылған тікұшақтар Қырғызстанға экспортталады
Сурет: Qazaqtv.com

Биыл көрші елдің төтенше жағдайлар министрлігінен  H 215 еврокоптеріне тапсырыс түскен.

Зауыт басшының айтуынша, Қырғызстанға осындай еврокоптердің бесеуі жеткізіледі. Ал еліміздің төтенше жағдайлар ведомствосының әуе паркінде 30-дан астам әуе кемесі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Оның ішінде іздестіру-құтқару жұмыстарына, санитарлық авиация, патрульдік қызметке және орманды қорғау жұмыстарына пайдаланылатын 15 тікұшақ бар.

"Өткен жылы біз борттардың 6 ауыр класын алдық. Бұл Қазақстан аумағында шығарылатын МИ-8. Ол өзімізде құрастырылады. Алдағы екі жылда МИ-8 класындағы тағы 5 тікұшақ сатып алуды жоспарлап отырмыз. Жеңіл және ауыр кластағы түрлі техника не үшін қажет? Өйткені жақын қашықтыққа ұшу үшін ол тез көтеріледі, оған қоса еврокоптерді пайдалану арзанырақ. Ал МИ-8, МИ-26 тікұшақтары орманды дала өрттерін сөндіруге арналған ауыр тікұшақтар. Әуе паркі  дамып келеді", - дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.