Елімізде күн 43 градусқа дейін ысиды

Елімізде күн 43 градусқа дейін ысиды
Сурет: Rusplt.ru

1-3 маусымына арналған ауа райы болжамы.

Синоптиктер жаздың алғашқы күндері Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады деп болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің барлық өңірлеріне жаз мезгілі күнтізбеге сай келеді.

Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның тек батыс облыстары мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз ауа температурасы мына өңірлерде біртіндеп көтеріледі:

республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде +36+41°С-қа дейін;

шығыста +28+33°С-қа дейін;

орталықта +30+39°С-қа дейін;

оңтүстікте +37+43°С-қа дейін;

оңтүстік-шығыста +30+37°С-қа дейін.