Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны артты

Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны артты
Сурет: Ашық дереккөз

90 пациент стационарда

Елімізде коронавирусқа шалдығудың тәуліктік көрсеткіші артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

16 қарашадағы бір тәулікте коронавирус 72 адамнан, коронавирус белгілері бар пневмония 14 адамнан анықталды.

Қазір ел өңірлерінде коронавирустан - 609 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан - 177 (КВИ-), барлығы 786 адам емделіп жатыр. 90 пациент стационарда, 696-сы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 8 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 15 қарашада коронавирус – 60 адамнан, пневмония 10 адамнан анықталған болатын.