Елімізде коронавирусқа қарсы 9,4 млн адам егілді

Елімізде коронавирусқа қарсы 9,4 млн адам егілді
Cурет: Inform.kz

«Pfizer» препаратымен вакциналау жалғасуда

22 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 478 042 адам, 2-ші компонентін 9 229 896 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» препаратымен вакциналау жалғасуда. 22 сәуірге дейін «Pfizer» вакцинасының 1-ші дозасын 1 038 141 адам, 2-ші дозасын 889 614 адам салдырды. І компонентімен егілді: - жасөспірімдер – 814 431, - жүкті әйелдер – 37 705, - бала емізетін әйелдер – 134 723. ІІ компонентімен егілді: - жасөспірімдер – 736 410, - жүкті әйелдер – 32 258, - бала емізетін әйелдер – 116 763.