Елімізде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші төмендеді

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші төмендеді
сурет:news.un

Бір тәулікте 58 қазақстандықтан коронавирус анықталды.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 58 адамнан анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 836 адам коронавирус инфекциясынан (–1 698+ және 138 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 697 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.