Елімізде коронавирус инфекциясынан емделушілер саны азаюда

Елімізде коронавирус инфекциясынан емделушілер саны азаюда
Сурет: Inform.kz

Мыңнан асам адам коронавирус инфекциясынан емделуде

7 мамырдағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда 1 363 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың ішінде 76 пациент стационарда, 1 287 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

10 адамның жағдайы ауыр, 0 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.