Елімізде коронавирус індетіне шалдыққан 23 адамның жағдайы ауыр

Елімізде коронавирус індетіне  шалдыққан 23 адамның жағдайы ауыр
Сурет: M24.ru

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 7 сәуірдегі ақпарат 

7 сәуірдегі мәлімет бойынша, 2 237 адам коронавирус инфекциясынан (1 221 КВИ+ және 1 016 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап. 

Олардың ішінде 246 пациент стационарда, 1 991 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 23 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.