Елімізде халық санының өсуі төмендеген

Елімізде халық санының өсуі төмендеген
Сурет: Еgemen.kz

Қаңтар-қыркүйек айларында 299,7 мың бала дүниеге келген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында республика халқының табиғи өсімі 1,6 пайызға төмендеп, 198 мың адамды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еліміздегі халық саны 2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 19 миллион 691 мың 900 адамды құрады. Бұл ретте қалаларда 12 млн 151 мың 700 адам (61,7%) тұрады, ауыл тұрғындарының азаюы жалғасуда – 7 млн ​​540 мың 200 адам (38,3%).

Статистиктердің мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандықтар 188,7 мың адамға немесе 1%-ға көп.

АХАЖ мәліметтері бойынша, қаңтар-қыркүйек айларында 299,7 мың бала дүниеге келген, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (338,8 мың адам) 11,5%-ға аз. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 20,41 туылды.

Бұл ретте елде өлім көрсеткіші де төмендеп, 9 айда 101,7 мың адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда (137,6 мың адам) 26,1%-ға аз. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 6,92 өлімді құрады.

Статистикаға сүйенсек, нәресте өлімі де азайған. Қаңтар-қыркүйек айларында бір жасқа дейінгі 2453 сәби шетінеп, өткен жылмен салыстырғанда нәресте өлімі 8,5 пайызға (2682 нәресте шетінеген) азайды.

Нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда 8,18 жағдайды құрады.