Елімізде кейбір мектептерге академиялық еркіндік берілуі мүмкін

Елімізде кейбір мектептерге академиялық еркіндік берілуі мүмкін
Сурет: Ашық дереккөзі

Бүгінгі таңда Қазақстанда 500-ден астам жекеменшік мектеп бар.

Оқу-ағарту министрлігі пилоттық режимде Ұлттық білім академиясының міндетті қолдауына жататын қажетті ресурстары мен әлеуеті бар мектептерге академиялық еркіндік беруге мүмкіндік беретін бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды.

Академиялық еркіндік мектептерге не үшін қажет?

Оқу жоспарының вариативті компоненті оқушылардың қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне қарай ұлғаяды. Яғни мектептерде оқушылардың білім қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мазмұнын анықтай алады. Олар үлгілік оқу жоспарын қатаң ұстанбайды, бірақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көрсетілген оқу нәтижелеріне қол жеткізу талап етіледі. МЖМБС (1) құндылықтарды, мысалы, азаматтық, еңбексүйгіштік, сыйластық, білімге ұмтылу және т.б. (2) сыни және креативті ойлау ретінде құзыреттіліктерді, сондай-ақ (3) пәндер мен білім деңгейлері бойынша оқыту нәтижелерін көрсетеді.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде жекеменшік мектептер ашылып, жаңа жобалар енгізіліп жатыр.

Сонымен қатар міндет оқушы орындарын құру және механикалық қамту ғана емес. Ол сапалы білім беру бағдарламасы бар үздік және әртүрлі мектептердің жеткілікті санын ашуда.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 500-ден астам жекеменшік мектеп бар, олар МЖМБС және үлгілік оқу бағдарламаларын енгізуге міндетті. Осындай қатаң реттеуге байланысты олар өздерінің инновациялық мазмұнын қосымша сабақтар арқылы қамтуға мәжбүр. Бұл балаға түсетін жүктемені арттырады.

«Автономияны кеңейту пилоттық мектептерге Ұлттық білім академиясының қолдауымен, бірақ МЖМБС көрсетілген параметрлер мен талаптар шеңберінде жаңа инновациялық оқу бағдарламаларын енгізуге мүмкіндік береді. Қазір мұндай мүмкіндік тек халықаралық мәртебеге ие мектептерде ғана бар, сол себепті біз бұл тізімді ресурстары мен қажетті әлеуеті бар пилоттық мектептер арқылы кеңейткіміз келеді. Бағдарламалар себепсіз пайда болмайтыны түсінікті. Білім беру бағдарламаларын практикаға енгізу тетігі, атап айтқанда, Ұлттық білім академиясының апробация, енгізу, іске асыру мониторингі процестерін ғылыми-әдістемелік және әдіснамалық қолдау ойластырылған. Мұндай әдіс-тәсіл бізге білім беру мазмұнының көптеген түріне көшуге мүмкіндік береді. Әртүрлілік тек оқытудағы инновациялық тәсілдерді ынталандыру, үздік тәжірибелер мен бағдарламаларды табу үшін қажет. Осыған байланысты білім саласын дамытып, инновациялар енгізуге қатысқысы келетіндерге «қош келдіңіздер» дегім келеді», - деп жазды министр.