Елімізде кедейлер саны көбейген

Елімізде кедейлер саны көбейген
Сурет: Мassaget.kz

Биылғы II тоқсанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы айына 43 100 теңге болған.

Қазақстанда кедейлік шегінде өмір сүретін халық саны артты, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2022 жылғы II тоқсанда 5,1% болды, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары.

Абай,  Алматы, Жетісу, Қарағанды,  Ұлытау және Шығыс  Қазақстан облыстары бойынша бағалау деректері келтірілген.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3%, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық, - делінген Статистика комитеті таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ел  бойынша 2022 жылғы II тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 100 теңгені құрады.