Елімізде қайырымдылық жасаушыларға құрметті атақ беріледі

Елімізде қайырымдылық жасаушыларға құрметті атақ беріледі
Сурет: Ttelegraf.ru

Азаматтар мен ұйымдарға құрметті атақ беру ұсынылады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қайырымдылық саласында құрметті атақ беру ережелерінің жобасын дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Құрметті атақ келесі қайырымдылық субъектілеріне беріледі:

  • Қайырымдылық жасаушыларға, қайырымдылық ұйымдарына;
  • Қайырымдылық еріктілеріне.

Бұдан басқа, қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан, филантропиялық, меценаттық, демеушілік қызметті, сондай-ақ кіші отанға көмек көрсетуді жүзеге асыратын азаматтар мен ұйымдарға құрметті атақ беру ұсынылады.

Құрметті атақ беру Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен құрылған комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

Комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен, сарапшылар мен Парламент депутаттарынан құрылады.

Құрметті атақ беру туралы ұсыныстарда үміткердің жеке басын, жұмыс тәжірибесін, қайырымдылық саласын дамытуға қосқан әлеуметтік үлесін, нақты сіңірген еңбегін сипаттайтын деректер көрсетіледі.

Құжат жобасы 30 маусымға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.