Елімізде қарақұмық өндірісі 30,2%-ға өсті

Елімізде қарақұмық өндірісі 30,2%-ға өсті
Сурет: Сhastnosti.com

Экспорт 10%-ға азайған.

Бұл Ұлттық статистика бюросының мәліметі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өткен жылдың 11 айында ірі тартылған қарақұмық ұны мен жармасы өндірісінің көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2%-ға артты. Отандық кәсіпорындар 36 мың тонна өнім шығарған.

"Өткен жылдың 11 айында экспортқа тек 7,3 мың тонна қарақұмық өнімі жіберілді, ал 2021 жылы 8,1 мың тонна экспортталған. Импорт 2,5 есе өскен. Егер 2021 жылы 1,8 мың тонна қарақұмық ұны мен жармасы импортталса, 2022 жылы 4,7 мың тоннадан астам өнім импортталды. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 11,7%", - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте.

11 айдың қорытындысына сәйкес, ішкі нарықта 33,4 мың тонна қарақұмық жармасы мен ірі тартылған ұны сатылды.