Елімізде қанша оқушы коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды

Елімізде қанша оқушы коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды
Сурет: Ашық дереккөз

Жүкті әйелдерге де вакцина салу жалғасып жатыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 586 769 адам, екіншісін 9 373 847 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

5 қыркүйекте Pfizer вакцинасының I дозасын 1 238 886 адам, ІІ дозасын 1 199 571 адам салдырды.
Оның ішінде:
І компонент
- Жасөспірімдер – 874 476
- Жүкті әйелдер – 41 631
- Бала емізетін әйелдер – 145 452.
ІІ компонент
- Жасөспірімдер – 859 961
- Жүкті әйелдер – 39 499
- Бала емізетін әйелдер – 142 030.