Елімізде қанша адам үй кезегінде тұр?

Елімізде қанша адам үй кезегінде тұр?
Сурет: 365info.kz

Елімізде 590 мың азамат баспана кезегінде тұр

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

«Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 590 мың азамат тұр. Оның ішінде 69,3 мың әлеуметтік осал жағдайдағы азаматтар бар. Осы мұқтаж жандарды қолдау үшін оларға мемлекет қаражаты есебінен нарықтан баспананы жалға алу құнының жартысын өтеу ұсынылады. Инфрақұрылымдық жобаларды одан әрі іске асыру үшін 160 мыңға дейін жеке жер учаскесіне қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізіледі», – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев .