Қазақстанда «Инвесторлық виза» енгізу ұсынылды

Қазақстанда «Инвесторлық виза» енгізу ұсынылды
sunhome.ru

Қазақстан үздік ғалымдарды жеңілдетілген тәртіптегі визалар арқылы тартады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын таныстыру кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Жаңа көші-қон саясатының мақсаты – Қазақстан экономикасын сұранысқа ие және білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Мұнда тиісті мәселелер өз шешімін таппақ. Экономика салалары үшін сұранысы бар технологиялар бойынша үздік оқытушылар, үздік ғалымдар, тапшы кәсіптер бойынша мамандарды жеңілдетілген визалар және 10 жылға тұру құқығымен тарту ұсынылады. Сонымен қатар 300 мың АҚШ доллардан кем емес инвестиция салуды көздеген шетел кәсіпкерлері үшін беретін «Инвесторлық визаны» енгізу ұсынылады», - деді Т. Дүйсенова.