Елімізде инфляция тағы да өсуі мүмкін

Елімізде инфляция тағы да өсуі мүмкін
Сурет: Egemen.kz

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин  мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Проинфляциялық тәуекелдердің күшеюін ескерсек, Қазақстанның инфляция болжамы өсу жағына қарай қайта қаралуда. Биыл наурызда Қазақстанда инфляция 12%-ға дейін жеделдеп, 2016 жылғы қыркүйектен бастап ең жоғары мәнге жетті», -деді Виталий Тутушкин Мәжілістің жалпы отырысы барысында.

Оның айтуынша, азық-түлік тауарлары инфляцияға ерекше әсер еткен, мұндағы баға өсімі 15,4%-ға дейін жеделдеген.

«Наурызда біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірден қымбаттап кеткенін байқадық, бұл Ресейден импорттауға тыйым салу аясында бірқатар азық-түлік тауарының дефицитіне байланысты орын алды. Соның әсерінен наурыздың екінші аптасында азық-түлік тауарлары бағасы 5,6%-ға өсті. Осыдан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апта ішіндегі өсімі наурыздың соңғы аптасында 1,3%, сәуірдің бірінші және екінші аптасында қатарынан 0,9% болып, біртіндеп тұрақтана бастады», - деді В. Тутушкин.