Елімізде індетке шалдыққандар саны көбейіп жатыр

Бір күн бұрын 87 адам ауру жұқтырса, бұл сан бүгін 115-ке жеткен.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы 5 қаңтарда елімізде коронавирус инфекциясын (КВИ) қанша адам жұқтырғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді: егер бір күн бұрын 87 жаңа жағдайы тіркелсе, бүгін бұл көрсеткіш 115-ке жетті.
Сондай-ақ министрліктің қаңтардағы мәліметі бойынша, қазір 2 447 адам коронавирус инфекциясынан (–2 273+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде:
305 пациент стационарда;
2 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
жағдайы ауыр – 14 адам;
жағдайы өте ауыр – 4 пациент;
ӨЖЖ аппаратында жатыр – 2 науқас.