Елімізде І Орталық Азия волонтерлік форумы өтуде

Елімізде І Орталық Азия волонтерлік форумы өтуде
Сурет: Qazaqtv.com

Оған елімізден, Тәжікстан мен Түркіменстаннан 200-ге жуық ерікті қатысуда.

Жиылғандар Қазақстанда соңғы жылдары волонтерлік ұйымдардың саны үш есеге артқанын атап өтті. Еріктілер саны 4 есеге өсті. Бүгінде елімізде 600 ұйымда 200 мыңнан астам волонтер бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар  форум аясында бірнеше бағыт бойынша оқыту шаралары мен волонтерлік акциялар өткізілуде. Қатысушылар жаңа бірлескен жобалар жасап, халықаралық деңгейде ынтымақтастық орнатуға ниетті.

«Кейде кейбір қалаларда бастамашыл топтар құрылады, бірақ оларға қолдау көрсетілмейді. Олардың қарапайым фронт-офистері жоқ, яғни олар өз қаражаты есебінен офис жалдап, жиналуы керек. Бұл волонтерлік жұмыс болғандықтан, біз мұны өз ақшамызға жасаймыз. Ал дәл сол кеңсені жалға алу да ақшаға келіп тіреледі. Сондықтан біраз уақыттан кейін бұл топтар тарайды, кеңсе жоқ, басқа қолдау жоқ», - дейді ерікті Олеся Баимова. 

«Еліміздің тәжірибесінде көрдік, ол жұмыстың қаншалықты қажет екенін. Ол пандемия көрсетті және басқа да табиғи және техногенді залалдар кезінде волонтерлардың көмектері үлкен рөл атқарды. Сондықтан бұл тәжірибені дүние жүзіне таратып, олардан басқа да жаңа жобалар алу үшін керек. Бұл форум осымен аяқталмайды. Келесі жылы да басқа да форумдар жоспарланады», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің комитет төрағасы Мадияр Қожахмет.