Елімізде этносаясат мамандарын дайындайтын жаңа бағдарлама әзірленді

Елімізде этносаясат мамандарын дайындайтын жаңа бағдарлама әзірленді
Сурет: Yvision.kz

Орталық Азияда әзірге мұндай бағдарламаның баламасы жоқ

«Этносаясаттану» магистрлері елордада дайындалады. Екі жылдық білім беру бағдарламасы кәсіби стандарттарға сәйкес жасалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Этносаясат саласындағы сарапшыларды даярлау – мемлекеттік деңгейдегі қажеттілік. Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова мәлім етті. Оның айтуынша, этносаясаттану мамандығында білім алып жатқан магистрлер болашақта көптеген саяси мәселелерге сарапшы бола алады. Себебі бұл – жан-жақты мамандық.

Айта кетейік, жаңа білім беру бағдарламасы журналистика, саясаттану және халықаралық қатынастар факультеттерінің ғылыми-білім беру базасында іске асырылды. Қазіргі таңда этносаясаттану мамандығында 10 магистр білім алуда.

«Арнайы мамандандырылған факультетті ашатын кезде үлкен талқылау болды. Бұл мәселеде бізге этномәдени бірлестік өз қолдауын көрсетті. Аймақтық этномәдени бірлестіктер де атсалысып, елімізде этносаясаттанушыларға сұраныс барын растады. Біз апробацияланған Дублин стандарттары бағдарламаларынан өттік. Сондықтан да қазір саясаттану білім беру бағдарламалар тобында екі жылдық магистрлік ғылыми-педагогикалық бағыт жүзеге асырылып жатыр. Болашақта білім алып шыққан мамандар түрлі салада жұмыс істей алатын, жауапты сарапшылар болып шығатынына сенімдімін», - дейді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова.