Елімізде есірткіге қарсы «Қарасора 2022» шарасы басталды

Елімізде есірткіге қарсы «Қарасора 2022» шарасы басталды
Сурет: Aqmeshit-aptalygy.kz

Ел аумағында есірткі бизнесіне қарсы шара басталды.

Елімізде есірткіге қарсы «Қарасора 2022» атты ауқымды операция басталды. Енді арнайы жасақ жабайы қарасора өсетін алқапты күндіз-түні күзетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, есірткі бизнесіне қарсы шара жыл сайын маусымының 1 мен 30-қазан аралығында өтеді. Осы кезеңде жабайы қарасора өсетін аумаққа оңай олжаға кенелгісі келетіндер ағылады.

Арнайы жасақ есірткі дайындаушылардың жолын кесіп, тасымалдауға әрекеттенгендерге тосқауыл болады. Оған Қарулы күштер мен Ұлттық ұланның арнайы жасағы және «Ғарыш сапары» мекемесінің мамандары да тартылған.