Елімізде ер адамдарға қарағанда әйелдер саны басым

Елімізде ер адамдарға қарағанда әйелдер саны басым
Сурет: Atameken.kz

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі 8 наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан әйелдері туралы ақпарат жариялады.

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, 2022 жылдың басында Қазақстанда 9,8 миллион әйел және 9,3 миллион ер адам бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

6 миллионға жуық әйел қалада, 3,8 миллион әйел ауылда тұрады.

Қазақстандық әйелдердің орташа жасы – 33,5;

некеге тұру жасы – 24,8;

Өмір сүру ұзақтығы - 75,5 жас.

Әйелдер көбінесе келесі кәсіби салада жұмыс істейді:

- Білім;

- Бизнес және әкімшілік;

- Сатушылар мен сатушы қызметкерлер; 

- Сауда,

- Қызмет көрсету саласы.

Мемлекеттік органдарда қызмет ететін әйелдер:

Сенатта 9 депутат;

Мәжілісте 28 депутат;

Үкіметте 1 министр;

Облыс әкімі – 1.