Елімізде енді электр самокатты жүргізу үшін куәлік қажет

Елімізде енді электр самокатты жүргізу үшін куәлік қажет
Сурет: Ашық дереккөз

Сонымен қатар электр самокаттарға қосымша адам отырғызуға тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүретін самокатты басқару үшін A1 санатындағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар электр самокаттарға қосымша адам отырғызуға, жүк тасымалдауға және тіркеме ілуге тыйым салынады.

Бұл талап Қазақстанның жаңа стандартына «электрсамокат» ережелері болып енгізілді. Құжатта электрсамокат – электр көліктері деп жазылған.