Елімізде енді әр азаматтың несие алуы күн сайын бақылауда болады

Елімізде енді әр азаматтың несие алуы күн сайын бақылауда болады
Сурет: 7kun.kz

Азаматтардың кредит алу тарихы күн сайын жаңарып тұрады.

Қазақстандықтардың несие тарихы күн сайын жаңарып жатыр. "Несие бюролары және несие тарихын қалыптастыру туралы" заңға өзгерістер 1 қазаннан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оған сәйкес, енді әр азаматтың несие алуы күн сайын бақылауда болады. Ал бұрын тұрғындардың кредит тарихы 15 жұмыс күні сайын жаңарып отыратын. Бұл мерзім қазақстандықтардың қарыз жүктемесінің коэффициентін жедел әрі салмақты саралауға мүмкіндік бермейтін. Қолданысқа енген жаңа өзгеріс сондай-ақ заңсыз несие рәсімдеу деректерін, дер кезінде анықтауға көмектеседі.