Елімізде бензин өндірісі азайды

Елімізде бензин өндірісі азайды
Сурет: Ult.kz

Наурызда елімізде бензин өндіру көлемі 0,5%-ға қысқарды.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қазақстанда 2023 жылғы наурызда 408 мың тонна бензин шығарылды, бұл бір жыл бұрынғы шығарылымнан 0,5%-ға төмен», - делінген хабарламада.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, наурыз айында  443 мың тонна (-2,4%) газойль, 208 мың тонна (-17,9%) мазут, 38 мың тонна (- 38,6%) керосин өндірілді.

Айта кетейік, елімізде 12 сәуірден бастап бензин бағасы өсті

Смайылов бензин бағасын өсіру мәжбүрлі шара екенін айтқанымен, депутаттар жанармайдың қымбаттауынан бюджет емес, делдалдар ғана ұтатынын айтты.