Елімізде байланыс қызметіне талап күшейтілді

Елімізде байланыс қызметіне талап күшейтілді Сурет: 24.kz

Мемлекет басшысы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.


Президент мақұлдаған жаңа заңда халықты сапалы интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қарастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы байланыс саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды тапсырған болатын. Тапсырмаға сәйкес, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс қызметтеріне қатысты жауапкершілікті күшейту мақсатында жаңа талаптар мен өзгертулер енгізді.



«Біздің министрлік тиісті ұйымдар мен байланыс операторларына айыппұл мөлшерін көбейтті. Енді бұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторлары 100 АЕК орнына 1000 АЕК-ке айыппұл салады. Сапасыз интернет болған жағдайда тұрғындар біздің министрлікке электронды үкімет және Е-өтініш платформасы арқылы арыз-шағымдарын айта алады», - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07