Елімізде «Artsport» бағдарламасы жалғасын таппақ

Елімізде «Artsport» бағдарламасы жалғасын таппақ
Сурет: Kt.kz

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Artsport» бағдарламасы жалғасады, бірақ жаңа форматта. Өткен жылы ережелері қабылданды. Әр өңір «Artsport» бойынша өз бағдарламасын әзірлейді», - деді Асхат Оралов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің айтуынша, спорт салалары бойынша шешілуі тиіс бірқатар мәселе бар.

«Мәдениет, спорт және туризм саласына қатысты мәселелерді шешуде бар тәжірибем мен күш-жігерімді саламын. Аталған салаларға қатысты өзекті мәселелер баршылық. Оның мән-жайын пысықтап, анықтау қажет. Ұсыныстар болса, тыңдауға дайынбыз», - дейді ол.