Елімізде алып бала дүниеге келді

Елімізде алып бала дүниеге келді
Сурет: Мaqat-tynysy.kz

Анасы нәрестені табиғи жолмен дүниеге әкелген.

Теміртаудағы "Ана мен бала" көпсалалы орталығында салмағы 5055 грамм батыр бала дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Босанған әйел ауруханаға 22 ақпанда түскен. Салмағы 5055 грамм, бойы 57 сантиметр ұл бала дүниеге келген. Әйелдің бұл төртінші баласы. Қазіргі уақытта анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауындағы "ана мен бала" палатасында.  Екеуінің де жағдайлары қалыпты.

"Үлкен салмақты балалардың туылуы жиі кездеседі, яғни бұл 4000 грамнан асатын балалар, олар үлкен болып саналады. Ал салмағы 5000 грамнан асатын сәбилер алып балалар тобына жатады. 2022 жылы үлкен салмақпен 54 нәресте, алып салмақты 10 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде ең үлкені облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталығында дүниеге келген, салмағы - 6520 грамм. 2023 жылдың ағымдағы кезеңінде үлкен салмақты 4 сәби дүниеге келді, оның біреуі Теміртау қаласының көпсалалы ана мен бала орталығында, - делінген хабарламада.