Елімізде Әйелдерді қолдау орталықтары құрылады

Елімізде Әйелдерді қолдау орталықтары құрылады
Сурет: CityDog.by

Орталықта жыл сайын 20 мыңға жуық әйелге қолдау көрсетіледі.

Әйелдерді қолдау орталықтарын барлық өңірлерде құру жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі  бағдарлама аясында жастарды жұмысқа баулу және ынталандыру үшін заңнамаға «жас жұмысшы» ұғымы енгізіледі. Олар үшін сынақ мерзімі алынып тасталады. Сонымен қатар басқа өңірден келген жастарға тұрғын үй жалдау үшін көтерме жәрдемақы енгізу бойынша іс-шаралар қолданылады.

«Көп балалы отбасылар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қазіргі кезде қызмет ететін үлгідегі Әйелдерді қолдау орталықтарын барлық өңірлерде құру жоспарлауда. Бұл орталықтарда жыл сайын 20 мыңға жуық әйелге кешенді қолдау көрсетіледі», - деді Серік Шәпкенов.