Елімізде 98 науқас коронавирустан жазылып шықты

Елімізде 98 науқас коронавирустан жазылып шықты
Cурет: Inform.kz

Жалпы жазылғандар саны 1 290 502

Өткен тәулікте қауіпті вирустан 98 адам жазылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетейік, 9 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 2 130 адам коронавирус инфекциясынан (1 117 КВИ+ және 1 013 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 226 пациент стационарда, 1 904 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
24 адамның жағдайы ауыр,
1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.